Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Ақ жаулықтылардың игі бастамасы

  Айсалқын НҰРСАЙЫНҚЫЗЫ 20.06.2017 3507 0 пікір
БҚО: Ақ жаулықтылардың игі бастамасы

Бір жылдығын ойлаған ел егін егеді, он жылдығын ойлаған ел ағаш егеді,

ал мәңгілігін ойлаған ел ұрпағының жүрегіне ізгіліктің дәнін себеді.

Халық мақалы

Батыс Қазақстан облысының орталығындағы Орал облыстық мешітінде Әйел-қыздар секторының бастамасымен мешіттегі әйелдер жамағаты арасында ақ жаулықты зейнеткер әжелерден құралған "Әжелер мектебі" құрылды. Отбасындағы әжелер мен аналардың асыл қасиеттерін, мұсылманның көркем мінезі мен шыншылдығының шынайы бейнесін қалыптастыруды, қазақы тәрбие мен шариғат заңдары ұштасқан отбасылық құндылықтарды нығайтуды, бала-бақша, оқу орындары, білім бөлімдерімен байланыс орната отырып, жастардың жат ағымнан сақтандыру, алдын алу, өскелең ұрпаққа түзу жол көрсетуді алдарына мақсат етіп қойған Әжелер мектебі мешіт ғимаратында алғашқы ашылу салтанатына арналған жиын өткізді. Шараға ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы арнайы қатысып, шараны өзі ашып, әрі бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің шешімін табуда ақ жаулықты аналармен тізе қосып жұмыстанудың қажеттігін атап өтті.

Әжелер отырысында арнайы құрылған дәстүрді насихаттаушы осы мектептің құрылу негізі, мақсат-міндеттері айқындалып, тұжырымдамасы мен жарғысы нақтыланып, жылдық жұмыс жоспары талқыланды.

Әжелер мектебінің ғылыми жетекшілері ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің Әйел-қыздар секторының қызметкерлері Гүлжәмила ұстаз бен Бархыт ұстаз болып танылып, Әжелер мектебінің төрайымы мен орынбасары болып бір ауыздан Сәру Есімбайқызы Байболова мен Ақбал Зейноллақызы Досжанова тағайындалды. Әжелер мектебінің хатшысы, әрі шығармашылық бөлімінің жауапты басшысы болып Айсалқын  Шаутимова мен хатшы Ұлжан Закариянқызы сайланды. Әр саланы қамтымақ жоспары бар әжелер мектебі, сондай-ақ қаржы-есеп бөліміне басшы ретінде Сәружан Зулпыхарқызы Мусинаны, ал лектор ретінде Бақыт Қабдолқызын таңдады. Құрамы талқыланып, әр салада қызмет етуіне байланысты икеміне қарай топталып, жастармен жұмыс бағдарламасына сәйкес жүргізілетін әрбір шараларға жауаптылар бекітілді.

Отырыс барысында, әжелер сөз алып, жұмыс жоспарын талқылап, жастардың киім киісіне, дәстүрді жаңғырту арқылы қазақы мінез-құлқымызды қалыптастыру тұрғысында өз ой-пікірлерін, құнды ұсыныстарын хаттамалады. Іске сәт дей отырып, Әжелер мектебінің жұмыс нәтижелерін көрсететін жақсы жаңалықтарын күтетін боламыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру