Ислам діні қашанда мейірімділікке, қамқорлыққа, мұқтаж жандарға қол ұшын созуға үндейді. Қоғамда әлі де болса көмекке зәру отбасыларының бары рас.
Хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Жердегілерге рақымдылық жасаңдар. Сонда көктегілер де сендерге рақымдылық жасайды», – деген болатын.
Осы бағытта ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт –Сырдария» мешітінің бастамасымен қаладағы төтенше жағдайлардан кейін баспанасыз қалған отбасына көмек көрсетілді.
Яғни, бір отбасының баспаналы болуына жағдай жасалып, қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп берді. Бұл қайырымдылық ізгі іске қаланың барлық мешіттері атсалысты.
Өз кезегінде көмек алушы көпбалалы ана игі шараға атсалысқан барша азаматтарға алғысын жаудырып, рахметін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Қызылорда өкілдігі
www.muftyat.kz
19.06.2017
3961
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру