Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабының тұсауы кесілді (ФОТО)

ҚМДБ Атырау өкілдігі www.muftyat.kz 17.06.2017 4226 0 пікір
Атырау: «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабының тұсауы кесілді (ФОТО)

15-маусым күні  «Иманғали» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Тұсаукесер шарасын ҚМДБ Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы ашып, жүргізіп отырды. Және «Марқұмның жаназасын шығарып, жерлеу рәсімдерін өткізу – шариғат үкімі» тақырыбында баяндама жасап, аталған еңбектің құндылықтарын халыққа түсіндірді.

Өкіл имамнан кейін бірінші болып сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қатимолла Ризуанов кітаптың қазақ қоғамының қазіргі таңдағы әлеуметтік-рухани сұранысына сай жарық көрген еңбек екенін айта келе, оның халық тарапынан кең қолдауға ие болатынына сенім білдірді. Еңбек ардагері, облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес хатшылығының алғашқы меңгерушісі Абат Кенжеғалиев марқұмның жаназасын шығарып, жерлеу рәсімінде түрлі салт-жоралғылардың кездесіп жататынын жеткізді. Осы мәселені шариғи тұрғыдан реттеп, бірізділікке салу тұрғысынан аталған кітаптың маңызы зор болып табылатынын айтты.

Сонымен қатар, Атырау облыстық қоғамдық кеңесінің басшысы, еңбек ардагері Мұрат Сақтайұлы, ҚР Қажылар қауымдастығының Атырау облысы бойынша филиалының төрайымы Жұмагүл қажы Нәсиқызы, Атырау облыстық Дін істері басқармасының бөлім маманы Қаһарман Мусаевтар жаназа, жерлеу рәсіміне қатысты барша Ислам үкімдерін жинақтап, бір кітапқа тоғыстырған мұндай еңбектің жарық көруінің күні жеткен мәсееле екенін атап көрсетті.

Негізгі баяндама, жарыссөздер кейін облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Достық» үйінің концерт залына лық тола жиналған қауым көкейде жүрген сауалдарын қойып, еркін пікір алмасылды. Шара соңында қызыл жібек лентамен байланған кітаптың «тұсауы» кесіліп,  атыраулық ағайынға жол тартты.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру