ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітапты шығарудағы негізгі мақсат – еліміз бойынша діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Кітапта еліміз бойынша жаназаға қатысты ортақ үкімдер топтастырылып, нақты дәлелдер келтірілген. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі, жаназа рәсімдерінің жолдары толық енгізілген. Осы және басқа да жаназа мен жерлеуге қатысты маңызды мәліметтерді орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы толық түсіндіріп берді.
Салтанатты тұсаукесер рәсіміне Дайрабай қажы Рысбай, ақын, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Д.Аяшұлы да қатысты.
Шара барысында қатысушылар кітап төңірегіндегі сауалдарына жауаптар алды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Қызылорда өкілдігі
www.muftyat.kz
16.06.2017
4029
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру