ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері әзірлеген «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы жарық көрген болатын. Аталмыш кітапта жаназаға қатысты үкімдер топтастырылған. Сонымен қатар, қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі жан-жақты жазылған.
«Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы Маңғыстау жұртшылығына да таныстырылды. Өкіл имам Смайыл қажы Сейітбековтың бастамасымен салтанатты түрде кітаптың таныстырылуы болып өтті. Игі шараға мемлекет қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен ақсақалдар қатысты.
Өкіл имам өз сөзінде «Бұл еңбекті шығарудағы негізгі мақсат - еліміз бойынша діни рәсімдерді бір жүйеге келтіру, дінімізге қайшы әдеттерге жол бермеу» - деп атап өтті.
Ақсақалдар жүйелі түрде жұмыс жасап келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметкерлеріне өз алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі
www.muftyat.kz
16.06.2017
3989
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру