Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам «Алғыс хатпен» марапатталды

ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі www.muftyat.kz 16.06.2017 3598 0 пікір
Өкіл имам «Алғыс хатпен» марапатталды

Халықаралық донорлар күніне орай облыстық қан орталығының қызметкерлері арнайы мерекелік шара ұйымдастырды. Оған өкіл имам Төлеби Оспан және қала әкімі Ілияс Испанов қатысқан болатын.

Шара басында кеш қонақтары жылы лебіздерін білдіріп, атаулы күннің маңыздылығына тоқталды. Өкіл имам Төлеби Оспан донор болудың – сауапты іс екендігін айтып, орталықтың бұл бағыттағы жұмыстарының қаншалықты маңызды, ауқымды екендігін атап өтті. Орталық қызметкерлерінің алдағы жұмыстарына да жеміс, ұжымға ауызбіршілік тілеп, жылы лебізін жеткізді.

Өз кезегінде орталық басшысы Г.Неталина «Нұр Ғасыр» мешітінің қызметкерлеріне орталықпен бірлесе отырып, Бас Мүфтидің бастамасымен қолға алынған бір айлық донорлық акцияны жүзеге асыру, мешіт жамағатын қан тапсыруға үндеу, салауаттылыққа баулу бағытында ауқымды іс-шаралар атқарғаны үшін ерекше алғысын жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, «Өзгеге өмір сыйла!» атты аталмыш акция аясында облыстың төрт мешітінде Донор күні өткен болатын. Бір айға жалғасқан игі шара аясында мешіт жамағатынан барлығы 97 адам қан тапсырған еді.

Орталық басшысы Г.Неталина екі ұжым арасындағы бірлескен жұмысқа қолдау көрсеткені үшін өкіл имам Төлеби Оспанға және Ақтөбе облыстық өкілдігінің барлық қызметкерлеріне ерекше ілтипатын білдіріп, ұжымға арнайы Алғыс хат табыс етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру