Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ЗЕКЕТ ҚОРЫ "ТЕГІН НАН" АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

"Зекет" қорының баспасөз қызметі www.muslim.kz 14.06.2017 3607 0 пікір
ЗЕКЕТ ҚОРЫ "ТЕГІН НАН" АКЦИЯСЫН БАСТАДЫ

Көрнекі сурет: интернеттен

Корпоративтік "Зекет" қорының Астана қаласы өкілдігінің 5 жылдық мерейтойына орай әрі қасиетті Рамазан айының қарсаңында "Добрый хлеб" акциясын бастады. Акция мақсаты - мұқтаж, әлеуметтік жағдайы төмен жандарды, зейнеткерлерді нанмен қамтамасыз ету. Жоба аясында дүкендерде "Добрый хлеб" сөрелері орналастырып, күнделікті түрде нан қойылады. Айына 1350 бөлке нан таратылады.
Елордамыздағы "Мәлік Ғабдуллин 3" мекен-жайындағы "Тәтті" дүкені мен "Абай даңғылы 9а" мекен-жайындағы "Слобода" дүкені қайырымдылық шарасын қолдап, "Добрый хлеб" сөресін орналастырды. Астананың кез-келген тұрғыны осы шараға қатысып, аталмыш дүкендердегі сөрелерге нан не өзге де азық-түлікті қалдырып кете алады. Ал егер Сіз дүкен иесі болсаңыз, онда "Добрый хлеб" сөресін дүкеніңізде орналастырып, қайырымдылық шарасына үлесіңізді қоса аласыз.+

Барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша Абай даңғылы 3\2 мекен-жайына келіп немесе 8 775 622 5170 нөміріне хабарласа аласыз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру