Мешітке тарауихқа келуші жамағатқа енді такси тоқтатып тұрудың қажеті жоқ. «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде игі бастама қолға алынды. ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен енді тарауих намазына келушілерге тегін такси қызмет көрсетуде.
Мешіт жамағатынан шыққан ерікті жастар жеке көліктерін жұмылдырып, тарауихтан шыққан жамағатты үйді-үйіне тегін апаруда. Игі іске Toyota White hill Aktobe және Мерседес клуб ерікті бірлестіктерінің көліктері, бұдан өзге Range Rover, Nissan Patrol және Lexus GS көліктерінің иелері қызмет көрсетті.
Өткен аптада басталған игі істің игілігін көріп жатқандар көп. Бәрі өкілдіктің оңды ісіне дән риза. «Тегін такси» қызметі тарауих намазы аяқталғанша жалғасатын болады.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі
www.muftyat.kz
14.06.2017
3748
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру