Шариғат тілінде білім сөзі – бір мәселені жан-жақты, анық-қанығына дейін жіті түсіну деген мағынаны білдіреді. Білім – ақылдылық пен парасаттылықтың белгісі. Ал, білімсіздік мұның қайшы мағынасы. Сондықтан, білімді адам – жарық шам секілді.

Кеше Қасиетті Рамазан айында Қадыр Мырза Әлі атындағы Мәдениет және өнер орталығында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имам Руслан қажы Сұлтанов, Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, облыстық дін істері басқармасының бас маманы Нұржан Стамбакиев, аталмыш оқу орнының студенті Бейімбет Дүйсенәлі болашақ Нұр Мүбарак университетіне, ҚМДБ-на қарасты медресеге түсуші 55 талапкермен кездесті.


Руслан Тыныштықұлы татапкерлерді Ұлық Рамазан айымен құттықтап, ғалым ұстаздардың дәрістерін мұқият тыңдап, болашақта имандылық жолында қызмет етуге шақырды.
Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі, облыстық дін істері басқармасының бас маманы Нұржан Стамбакиев те студенттік кездегі қызықты сәттерімен бөлісіп, уақытты текке өткізбей ілімге деген қызығушылық таныту керектігін жеткізді.


Жиналған талапкерлер көкейінде жүрген сауалдарын жолдап, тұщымды жауаптар алынды.
Қорыта айтқанда, Ислам дінінің басты мұраты – білім кәусарымен әрбір мұсылман баласын діни әрі дүнияуи ілімдермен сусындандыру. Мұсылман жұртының қасиетті кітабы Құран Кәрімнің ең бірінші түскен аятында: «Жаратқан Раббыңның атымен оқы», – делінген. Осының өзі адамзатты білімге жетелейтіндігін дәлелдейді.

Алла барша талапкерлерге екі дүниенің бақыты болып табылатын пайғамбарлар мұрасы, діни білімнен несібелі болуды нәсіп етсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
www.muftyat.kz
14.06.2017
3923
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру