Алматы қаласының 49 мешітінің денінде қарапайым халыққа күнделікті ауызашар берілуде. Қала сыртында орын тепкен жетімдер үйінің балалары қалаға ауызашарға келе алмайтын болғандықтан мешіт қала сыртына барып қайтты.
Алатау ауданы «Алғабас» мешіті қасиетті Рамазан айында Талғар қаласындағы «Нұр» қайырымдылық жанұя балалар үйіне дастархан жайып ауыз ашар берді. Әрине қайырымдылық шарасы ауызашармен шектелген жоқ. Балаларға ойын ұйымдастырылып, сыйлық беріп киім-кешек және жүз елу мың теңге ақшалай көмек көрсетілді.
"Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді" дейді қазақ халқы. Бүгінгі шараны ұйымдастырудағы мақсат - жетімнің көңілін көтеру. Оларды имандылыққа шақыру, білімді де инабатты азамат болып өсуіне қолдан келгенше үлес қосу.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешіті
www.muftyat.kz
14.06.2017
4452
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру