Жаздың жаймашуақ күндері басталғалы мешіт жандарындағы сауат ашу курстарының жұмыстары да қыза түсті. Көкшетау қаласындағы Науан хазірет орталық мешітінде жетпістен аса бала тәлім алуда. Олардың сабақтары тағылымды өту үшін әртүрлі байқаулар да ұйымдастырылады.
Жақында мешіттің оқу-ағарту және жастар бөлімдерінің ұйытқы болуымен шәкірттер арасында «Көрікті мешіт» сурет байқауы өткізілді. Сөйтіп, ер және қыз балалар өз танымындағы Алланың үйін салды.
Бірі мешіттің ішкі, енді бірі көк күмбезді еңселі рухани ошақты қағазға түсірген екен. Бірінен бірі озған бұл байқауда ер балалар арасында Мухажан Тамерлан алса, ал кыз балалар арасында Қарақат есімді қарындасымыз Бас жүлдені иемденді. Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.











1-орын (ер балалар)
1-орын (қыз балалар)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Науан хазрет» мешіті
www.muftyat.kz
14.06.2017
4295
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру