Биыл жоғары оқу орындарына талапкерлердің құжаттарын қабылдау жылдағыдан 20 күнге ерте басталды. Сондықтан, бұл жаңалық жұртшылыққа әлі толыққанды жетпеу ықтималдығы басым екендігі белгілі. Дегенмен, Нұр-Мүбарак университетіне тапсырушы талапкерлер жаңалықтан жырақ қалмай құжаттарын тапсыруда. Бүгінге дейін 150-ге жуық талапкер құжат тапсырған.
20 маусымда орта мектепті бұрын бітірген талапкерлердің құжат тапсыруы тәмамдалып, биылғы түлектердің құжат тапсыруы басталады. Ол 7 шілдеде аяқталады. Осылайша 8 шілде мен 13 шілде аралығында барлық талапкерлер үшін шығармашылық емтихан жүреді. Ал 17-23 шілде аралығында кешенді тестілеу емтихандары, бірақ мектептің биылғы түлектері ҰБТ балымен қабылданады. Яғни биылғы орта мектеп түлектері жоғары оқу орындарына түсу үшін қабылдау науқанында тек шығармашылық емтихандарын тапсыратын болады.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша Кеңесбай
www.muftyat.kz
13.06.2017
4040
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру