Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Практикант шәкірттер шыңдалуда

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті www.muftyat.kz 12.06.2017 3641 0 пікір
Практикант шәкірттер шыңдалуда

Жаздық оқу маусымының аяқталуы қарсаңында, ҚМДБ-ның бастамасымен «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті мен республикалық медіреселердің шәкірттері еліміздің түкпір-түкпіріндегі мешіттерде өндірістік практикадан өтеді.

ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігінің ұйтқы болуымен, Елорда мешіттерінде де жыл сайын діни жоғары оқу орындарының шәкірттері парктикадан өтіп, мешіттегі имандылық шараларының, діни жоралғыларды атқарудың қыр-сырымен танысып, кәсіби біліктіліктерін шыңдайды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де жылдағы үрдіс бойынша парктиканттар өз біліктіліктерін шыңдауда. Айталық, Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университеті мен «Астана» медіресесінен келген шәкірттер мешіт тынысымен танысып, діни қызметтің қыр-сырына қанығуда.

Практикант ұстаздар «Имани жаз-2017» жаздық сауат ашу курсының жұмысына белсене араласып, бүлдіршіндерге сабақ беруде. Сонымен бірге, жиналған жамағатқа тақырыптық уағыз айту, сабақ беру, т.б. да діни жоралғыларды атқаруға белсене араласып, болашақ діни қызметін сапалы, жоғары деңгейде атқаруға тәжірибе жинақтауда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру