Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Һибатулла Тарази" медресесінің шәкірттері диплом алды емтихан тапсырды

"Һибатулла Тарази" мешіті www.muftyat.kz 12.06.2017 3654 0 пікір
"Һибатулла Тарази" медресесінің шәкірттері диплом алды емтихан тапсырды

Жамбыл облысындағы діни білім ордасы "Һибатулла Тарази" медресесі бірнеше жылдар бойы шәкірттер тәрбиелеп келеді. Білімді де білгір мамандарды даярлайтын оқу орны биыл 3-ші түлектерін ұшырғалы отыр. 

Осыған орай, оқуды тәмәмдаушы 3-курс студенттері Құран, араб тілі, фиқһ пәндері бойынша диплом алды кешенді емтихан тапсырды.

Сынақты комиссия төрағасы "ҚМДБ-ның діни білім және кадр дайындау" бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, осы медресенің директоры Данияр қажы Жұмабаев, "Сарыағаш" медресесінің ұстаздары Нұралы Төребеков пен Еркін Қадыровтар қабылдады.

Бітіруші түлектердің саны 8 болса, олардың 4-еуі қызыл дипломға үміткер. Шәкірттер емтиханды сәтті тапсырып, жақсы деген көрсеткіш көрсетті. Шәкірттерге алдағы білім жолдарына сәт сапар тілейміз!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру