Рамазан - қасиетті Құран түскен мүбəрак ай. Бұл ұлық мерекенің құрметіне бір ай бойы жамағат тарауих намазын оқып, Құранды толық оқып хатым етеді.
Кеше облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде қасиетті кәлам-шариф Құран толық оқылып, хатым дұғасы жасалды. 15 күнде 2 парадан түсірілген Құран оқу күндердің сұлтаны жұма күні басталып, жұма күні аяқталды.
Хатымды 16 жасар қари Дулат Қоламқұлов оқыды. Ал дұғаны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев жасады.
Жүректі тебіренткен Құран сүрелері қалың бұқараның көзіне жас үйірді. Мешітке лық толған көпшілік бірге дұға жасап бет сипады. Ал қариялар жас хафызға ақ батасын берсе, мешіт пен жамағат өз аттарынан сыйлықтарын табыстады.

























ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
"Һибатулла Тарази" мешіті
www.muftyat.kz
12.06.2017
3820
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру