«Экспо 2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатына келген Сингапур елінің ұлттық делегация басшысы, Парламент төрағасы Халима Якоб Астана қаласын аралап, көрікті жерлерін тамашалауды ең алдымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінен бастаған жөн санапты. Еліміздің Бас мешітіне арнайы ат басын тіреген құрметті қонақтарды «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев қарсы алып, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.
«Әзірет Сұлтан» мешітінің әдемілігіне ерекше таңданыс білдірген Халима Якоб құлшылық ордасындағы жәдігерлерге де жоғары бағасын беріп, тіпті, суретке де түсіріп алды. Сондай-ақ, мешіттегі жазғы сауат ашу курсының сабағына қатысып, балдырғандармен пікір алмасты.
Мешіт ғимаратының үшінші қабатында орналасқан Muslim.kz сайтының әкімшілігі мен «Хикмет» телерадиостудиясының бөлмелеріне бас сұғып, еліміздегі рухани ағартушылық жұмыстарына куә болды.
Суреттерді «www.muslim.kz» сайтынан көре аласыздар!













ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muslim.kz
11.06.2017
5704
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру