Биыл «Ақтөбе медресесі» колледжін 12 түлек тәмамдап жатыр. Олар кеше үш жыл бойына ұстаздарынан алған білімдерін таразылап, емтихан тапсырды. Үш пәннен, атап айтқанда, араб тілі, Құран және фиқһ сабақтарынан қойылған сұрақтарға жазбаша және ауызша жауап берді.
Емтихан комиссиясының құрамында ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Медет Құрсақов, өкіл имам Төлеби Оспан, колледж директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков пен колледж ұстаздары болды. Олар шәкірттердің әр берген жауабын мұқият тыңдап, тиісті бағасын берді.
Жыл қорытындысының жақсы жаңалығы – түлектің төртеуі облысымызға діни қызметке тартылады деп жоспарлануда. Одан өзгелері өзге облыстарда қызмет етпек, ал оқуды үздік бітіргендер білімін одан әрі жетілдіру үшін «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетіне оқуға жолдануда.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Ақтөбе өкілдігі
www.muftyat.kz
10.06.2017
4248
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру