Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Рамазан айының құрметіне «Манақбай» сауда үйі жеңілдік акциясын жүргізді (Фото)

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті www.muftyat.kz 10.06.2017 4962 0 пікір
Рамазан айының құрметіне «Манақбай» сауда үйі жеңілдік акциясын жүргізді (Фото)

Алла Елшісінің  ﷺ  «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деген хадисі бар. Қасиетті Рамазан айы қарсаңыда ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «...Қасиетті айдың құрметі үшін азық-түлік, көкөніс пен тұрмыстық заттарға жеңілдік жасалып, Құдайы астар мен садақалар ауызашар уақытында ұйымдастырылса, тойлар ішімдіксіз өткізілсе, жамандықтың бастауы болған арақ-шараптың сатылуына барынша жол берілмесе деген тілегімді білдіремін»,-деген ҮНДЕУІНЕ орай Павлодар облысы өкілдігі «Манақбай» сауда үйі  (құрылтайшысы Жакупова Сания Кәрімқызы, сауда үйінің басқарма төрағасы Қанат Кәрімұлы,  директоры Мейрамгүл Советқызы)  ұжымымен бірлесіп мамыр айының 9-ы жұма күні «Манақбай» сауда орталығына қарасты барлық азық-түлік сататын нүктелерде азық-түлік бағасын 10 пайыз жеңілдікпен халыққа сату акциясын ұйымдастырды.

Осы күні сауда үйінің басшылары мұндағы азық-түлік нүктелерін бір күндік арендалық төлемнен босатты. Сонымен қатар халық назарын игі іске аудару мақсатында «Манақбай» сауда үйінің екі үлкен ғимаратының негізгі кіреберістеріне көрнекті баннер жасап іліп, азық-түлік сататын әрбір сауда нүктесінің көрнекті жерлеріне 10% жеңілдік жасалатыны туралы біріккен тәртіппен арнайы белгілер қойды.

Қасиетті айдың құрметіне орай жасалып жатқан азық-түліктің жеңілдетілген саудасына қаланың қарапайым халқы көптеп қатысты. Таңертеңнен кешке дейін жалғасқан жеңілдетілген азық-түлік бағасына қарқ болған көпшілік бұл сауапты шараны ұйымдастырушыларға шексіз ризашылықтары мен алғыстарын білдіріп жатты.

Аталмыш акция барысын «Қазақстан-Павлодар» телеарнасы, облыстық «Халық радиосы», облыстық «Сарыарқа самалы» газеті және басқа да БАҚ-тар өзгелерге үлгі-өнеге ретінде жан-жақты насихаттады.

Мұсылман баласының бір-біріне көмек-жәрдем жасауының сауабы мол. Садақа беруден мал-мүлік азаймайды, қайта Алла сол жақсылық жасаушы пенденің нығметін көбейтіп, беделін арттырады. Осы шараға қол ұшын берген барша жомарт жандарға шексіз алғыс білдіреміз. 

Тәуелсіздігіміз баянды, еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай! Жаратушы Иеміз баршамызды оразадан оразаға дейін айдан аман, жылдан есен жақсылықпен жеткізе берсін деп тілейміз! Әумин!

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру