Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨСКЕМЕН ӨКІЛДІГІ «ЭКСПО-2017: БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗІМЕН» АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІН ШЫҒАРДЫ

ҚМДБ ШҚО өкілдігі www.muftyat.kz 10.06.2017 7599 0 пікір
ӨСКЕМЕН ӨКІЛДІГІ «ЭКСПО-2017: БАЛАЛАРДЫҢ КӨЗІМЕН» АТТЫ СУРЕТ КӨРМЕСІН ШЫҒАРДЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы елімізде өтетін аса ірі халықаралық шара - ЭКСПО-ны қолдау туралы Үндеу жариялаған болатын. Осыған байланысты ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде «ЭКСПО-2017: Балалардың көзімен» атты сурет көрме-сайысын өткізуде.

Жарысқа мешіттің жазғы сауат ашу курсында оқып жатқан жас-жеткіншектер қатысып, ЭКСПО-2017 көрмесі және Астана тақырыбында салған суреттерін көрмеге қойды.

Олар ЭКСПО-ның, сонымен бірге Тәуелсіз еліміздің келбетін өз көңілдеріне ұялаған қалпында қылқаламмен ақ параққа бейнеледі.

Шараны ұйымдастырушы, осы мешіттің ұстаздары:«Сурет көрмесіне балалардың ЭКСПО, Елорда Астана туралы салған суреттері қойылып отыр. Көрме сауат ашу курсы аяқталғанша яғни ораза айтқа дейін жалғасатын болады. Көрменің мақсаты: ЭКСПО-ны қолдау, балалаларға кеңінен насихаттау болып табылады» деп атап өтті. Сурет көрмесінің ашылуында балалар еліміздің әнұранын асқақтата шырқады.

Сурет көрмесі ораза айт қарсаңында қорытындыланып, ең тамаша туынды иелеріне сыйлық жасалады деп күтілуде.

 

Шығыс Қазақстан облысты

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру