>
«Ғажап» мүгедек балалар қоғамының құрылғанына биыл 6 жыл толады. Айтулы күнді атап өткен қоғам жетекшілері балғындардың ата-аналарын бірге шақырып, шағын мерекелік кеш ұйымдастырды. «Нұрғасырлықтар» да олардың туған күндеріне тарту-таралғылар ұсынып, төл мерекелерімен құттықтады.
Мүмкіндігі шектеулі балғындардың ортақ бас қосатын шаңырағына құттықтап келушілер қатары мұнымен шектелген жоқ. Тіпті жетекшілердің ұйытқы болуымен арнайы аниматорлар келіп балғындармен қызықты ойындар ойнап, арқа-жарқа күлдіріп көңілдерін көтерді.
Сондай-ақ арнайы мерекелік тартуын ала барған «Нұр Ғасыр» мешітінің қызметкерлері де "Ғажаптықтардың" туған күндеріне арнап балдай тәтті балкүлше, түрлі-түсті шарлар, жеміс-жидектер мен дәмі тіл үйіретін әртүрлі тәттілерді салынған сыйлық дорбаларын үлестірді. Мұндай ерекше сыйлық елу баланың езуіне күлкі сыйлап, қуаныштарын еселей түсті.
Сондай-ақ, мешіттің «Сен де үлес қос!» акциясының аясында 50 отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Мешіттің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мен ҚМДБ-ның жастар ісі бөлімінің облыстағы өкілі Асылхан Темірханов балғындардың бас амандығын тілеп, қол жайып дұға етті. Мешіт ұстазы Диляром Бектаева да туған күн иелерін құттықтап, жылы лебізін білдіріп, бірлестіктің алдағы атқарар істеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде, ізгі ілтипаттарын білдірген мүгедек балалар қоғамының жетекшілері де, мешіт қызметкерлеріне арнайы Алғыс хат табыстап, алдағы уақыттарда бірлесіп жұмыстар жасауға ниетті екендіктерін білдірді.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешіті
www.muftyat.kz
09.06.2017
3936
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру