Орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті әйелд-қыздар секторының ұйымдастыруымен студент қыздарға қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің киіз үйінде аузашар дастарханы жайылды.
Қасиетті Рамазан айында өткізілген аузашарға шақырылған 40 қыз тек қана жоғары оқу орнында білім алып қоймай, сонымен қатар мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарына қатысып жүр.
«Мәшһүр Жүсіп» мешіті әйелдер секторының жетекші ұстазы Қарлығаш Қажымәлікқызы сауапты іске үлес қосқан барлық әйел-шәкірттерге ұстаздар атынан алғысын білдірді.
Сүйікті Пайғамбарымыздың (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде айтылғандай, кімде-кім білім жолына түссе, Алла Тағала оның жәннатқа барар жолын жеңілдетпек. Ұстаздар мен апайлар шәкірттерге ақ тілектерін жаудырып, дұға жасап, баталарын берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Павлодар өкілдігі
www.muftyat.kz
09.06.2017
3716
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру