Қасиетті Рамазан айының алғашқы жұмасында ҚМДБ-ның Семей аймағы бойынша өкілі, «Қос мұнаралы» орталық мешітінің Бас имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы Семей қалалық «Шәкәрім қажы» мешітінде келген жамағатқа уағыз айтып, жұма намазын өткізді.
Мешіт жамағаты алдында уағыз айтқан өкіл имам: «Құрметті, жамағат! Бейбітшілік пен ауызбіршілік Алланың бізге берген теңдессіз нығметі. Ол нығметтен ертең сұралатын боламыз. Әуелі өз арамызда ауызбіршілікте болайық, жамағатымыздың іргесі сөгілмесін. Барлық мақсат-мүддеміз бір бола тұра топ-топқа бөлінбейік. Біз алдағы уақытта осы нәрселерге мұқият болсақ, бізді сырттан келіп алатын жау болмайды!», – деді.
Мешіт жамағаты мен ақсақалдар өкіл имамға ақ батасын беріп, ризашылықтарын білдірді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ семей өкілдігі
www.muftyat.kz
09.06.2017
4168
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру