Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дін жанашырына құрмет көрсетілді

ҚМДБ семей өкілдігі www.muftyat.kz 09.06.2017 3842 0 пікір

«ШҚО облысының және Бесқарағай ауданының Құрметті азаматы», Семей қалалық «ТВК-6» телекомпаниясының директоры, сондай-ақ дініміз бен ана тіліміздің жанашыры Омарбек Қазанғапұлы Байуақов биыл жетпіс жасқа толып отыр. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы «ТВК-6» телеарнасына арнайы барып, Омарбек Қазанғапұлын мерейлі жетпіс жасқа толуымен құттықтап қайтты.

– Құрметті, Омарбек Қазанғапұлы, мінеки, біздің сіздермен бірлесе қызмет атқарып келе жатқанымызға бірнеше жылдың жүзі болыпты. Асыл дінімізді насихаттауда БАҚ-ның орны маңызды. Соның ішінде сіз басқарып отырған «ТВК-6» телеарнасы, «Ертіс өңірі» және «Спектр» газеттері бұл үдеден шығып, бізге үнемі қолдау көрсетіп келеді. Ақпарат ағыны қатты жүріп жатқан заманда дұрыс ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізу де бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл қажырлы еңбек пен қаражатты талап ететіні белгілі. Соған қарамастан қолдан келгенше қолдау көрсетіп келесіздер. Соған орай сізді жетпіс жасыңызбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін! – деп, Семей қалалық мешіт имамдарының атынан Мақсат Қуанышбекұлы Алғыс хатты табыстап, Құран кітапты құрметпен сыйға тартты.

«ТВК-6» телеарнасының ұжымы келер ұрпақтың жүрегіне иман нұрын ұялату мақсатында көптеген қызметтер атқаруда. Жыл сайын Қадір түнінде ауыз ашардан бастап, сәресіне дейін тікелей эфирде хабар таратып келеді. Биыл бұл үрдіс 17-рет жалғасын таппақ. Сондай-ақ Ертіс өңірі газетінде айына бір рет шығатын «Дін Ислам - діңгегім» айдары да өзінің тұрақты оқырманын қалыптастырып үлгерді. 

p>

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру