Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық мәслихат депутаттары ауызашар берді (ФОТО)

ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі www.muftyat.kz 08.06.2017 4138 0 пікір
Облыстық мәслихат депутаттары ауызашар берді (ФОТО)

Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттары Маңғыстау облыстық орталық мешітте ауыз ашар берді. Мешіт ауласына тігілген 2 киіз үйге дастархан жайып, аузы берік жамағатқа ауызашар берген депутаттар жамағаттың алғысын алды. Облыстық мәслихат хатшысы Жүсіпов Бекмұрат депутаттар корпусын өзі бастап келіп, бүгінгі қайырымдылық шарасын ұйымдастырған әріптестеріне алғысын білдірді.

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков депутат ағаларымыздың жайған дастарханында қонақ болып, қасиетті рамазан айының артықшылы мен қасиеті жайында уағыз айтты. Шарапаты мол айдағы тілегіміз бен құлшылығымызды Алла қабыл етсін деп дұға етті.

Өкіл имам игілікті де, сауптбы іске мұрындық болған облыстық мәслихат хатшысы Б.Жүсіповқа және ауызашар берген барлық депутаттарға алғысын білдірді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру