Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «2020 жылға дейін діни білім беруді дамыту» тұжырымдамасы негізінде, Қостанай облысының мешіттерінде «Фиқһ», «Ақида», «Құран» және «Араб тілі» мен «Тәджуид» пәндері бойынша сауат ашу курстары жұмыс істеуде.

Бұл сауат ашу курстарында «Қыздар-әйелдер секторы» бойынша білім алушылар емтихан тапсырды. Нәтижесінде тоғыз шәкірт аталмыш курсты тәмамдағаны туралы сертификатқа қол жеткізді.

Сондай-ақ Қостанай қалалық мешітінде 21 шәкірт және облыстық мешітте 19 шәкірт аталмыш пәндерден білім алғандығы үшін марапаталды.

Алла Тағаладан шәкірттердің осы алған білімдерінің жемісін көруін тілейміз.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Қостанай өкілдігі
www.muftyat.kz
08.06.2017
3259
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру