Ү.ж. 5 маусымында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының (ҒЗТО) директоры А.Әбдірәсілқызы жұмыс сапарымен Ресей Федерациясының Мәскеу ислам институтында болды.
Іссапар мақсаты – Мәскеу ислам институтының қызмет бағыттарымен, іс-тіәжірибесімен, жүргізген зерттеулерімен және кітапхана қорымен танысу, болашақта ынтымақтастық бағыттарын белгілеу.
Аталмыш институтта Орталық директоры оқу ісі жөніндегі проректоры Р.Измайловпен, бөлім декандарымен және оқытушылар құрамымен кездесті.
Кездесу барысында А.Әбдірәсілқызы Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының қызметімен, Орталық тарапынан шыққан бірнеше басылымдарымен таныстырды. Сонымен қатар кездесуде мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынас, зайырлылық мәселелері сөз болды.
Сондай-ақ, ҒЗТО директоры Мәскеу ислам институтының құрылымымен, негізгі қызметімен, қарилар дайындайтын орталық жұмысымен бірге институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, кітапхана қорымен танысты.
Мәскеу ислам институы – көпұлтты және көпконфессиялы Ресейде дінаралық және конфессияаралық диалогты дамытуға баға жетпес үлес қосып отырған білім ошағы. Институт ірі халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастық орнатып, ғылыми жұмыс және білім беру қызметін жүзеге асыру үшін қажетті кадрлық әлеуеті мен ғылыми-зерттеу базасына ие.
А.Әбдірәсілқызы Мәскеу ислам институтымен болашақта ғылыми жобалардың бірлесе жүзеге асуына ықпал ететініне сенім білдіріп, кездесу соңында естелік сыйлықтармен алмасты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
08.06.2017
3344
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру