Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Рамазан айындағы балаларға шаттық (ФОТО)

ҚМДБ Қостанай өкілдігі www.muftyat.kz 07.06.2017 3590 0 пікір
Қостанай: Рамазан айындағы балаларға шаттық (ФОТО)

Балаларға мейірімділік танытып, исламды шынайы жақсы жағынан көрсету әрбір мұсылманның борышы деп есептеген Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлері мен Әйелдер-қыздар секторы Рамазан айының құрметіне орай «Балаларға шаттық» мерекесін өткізді.


Аталмыш мерекеге Рудный қаласының тұрғындары мен мешіт шәкірттері қатысып, балаларға ойыншықтар мен түрлі тәттілерді үлестірді.


Сондай-ақ бүлдіршіндерге аю, маймыл өнер көрсетіп, батутта күні бойы секіру үшін жағдай жасалды.


Баланы тәрбиелеудің, тағылым берудің негізгі мәйегі – мейірім мен сүйіспеншілікте екендігін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Басқаларға мейірімділік етпегеннің өзі де мейірімділікке бөленбейді», – деп балаларға ерекше қарауға шақырған.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру