Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Облыстық Әділет басқарма қызметкерлері ауыз ашарда

ҚМДБ Маңғыстау өкілдігі www.muftyat.kz 07.06.2017 3592 0 пікір
Облыстық Әділет басқарма қызметкерлері ауыз ашарда

Маңғыстау облыстық орталық мешіті әр күні түрлі мекеме қызметкерлерін ауыз ашарға шақырып, қонақ етуде. Кезекті ауыз ашар дастарханының қонағы Маңғыстау облыстық Әділет басқармасының қызметкерлері болды.

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков мешіт шақыруын қабыл алып, ауыз ашар дастарханына келген Әділет басқарма қызметкерлеріне алғысын айтты. Өкіл имам қасиетті рамазан айы жайында уағыз айтып, рамазан айының артықшылығын түсіндіріп өтті. Шарапаты мол айдағы тілегіміз бен құлшылығымызды Алла қабыл етсін деп дұға етті.

Келген қонақтар мешіт тарапынан жасалған игі шара үшін алғыстарын айтып, рамазан айымен құттықтады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру