Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мүбәрак хадистерінің бірінде былай деген: «Кімде-кім исламда жақсы жол бастаса (салса, үрдіс қалыптастырса, ойлап шығарса), ол адамға сол істің сауабы және өзінен кейін сол жолмен қияметке дейін амал еткен барлық адамдардың алатын сауабындай сауап жазылады».
Рамазанда Рауан елдімекенінің тұрғыны Қайрат Қалдыбаев бастаған игі іс жалғасын тауып, 1 маусымнан бастап алғалықтар да тұрғындарға тегін нан таратып жатыр. Бұл бастаманы бірінші болып Алға аудандық мешітінің имамдары мен жамағаты қолға алған. Өз араларында аз-кем ақша жинаған олар дүкен сөрелеріндегі нанды сатып алып, дүкен ішінен «Қасиетті Рамазанда тегін нан» деген арнайы бұрыш ашқан. Кейін бұл игі іске дүкен иелері де өздіктерінен демеушілік білдіре бастаған. Осылайша қазір Алға қаласында алты бірдей дүкен тұрғындарға күніге шамамен 20-30 нанды тегін үлестіруде.
Бұдан бөлек қалада кешеден бері тегін такси қызмет көрсетуде. Мұндай игі іске мұрындық болғандар – тағы да мешіт жамағаты. Рамазанда сауапты істерде табандылық танытып, тақуалықта жарысқан жамағаттан күніге көлігі бар бірнеше адам тұрғындарды қала ішінде тегін тасымалдайды. Осылайша күн сайын ерікті ер азаматтар халықтың алғысын алып, қалаған жеріне сауап үшін санаспай апарып тастайды. Қос қайырымды іс те Рамазан айы бойына жалғасын таппақ.
Барша қайырымды азаматтардан Алла разы болып, бұл істерін таразыда ауыр басқан амалдардан етсін деп тілейміз.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешіті
www.muftyat.kz
07.06.2017
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру