Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстан – Ақтау ұжымына ауызашар берілді (ФОТО)

Маңғыстау облыстық мешіті www.muftyat.kz 06.06.2017 4222 0 пікір
Қазақстан – Ақтау ұжымына ауызашар берілді  (ФОТО)

Маңғыстау облыстық орталық мешітінде аймақ телеарнасы «Қазақстан-Ақтау» ұжымына ауызашар дастарханы жайылды. Телеарна қызметкерлерінің ішінде қасиетті Рамазан айының оразасын ұстап жүрген жандар жетерлік. Өлке дидары өңірдің діни хал- ахуалы мен мешіт шараларын және «Жұмадағы жүздесу» имандылық бағдарламасын тұрақты түрде беріп отырады.

Ауызашар дастарханының қонақтарына өкіл имам Смайыл Сейітбеков « Ғайбаттан сақтану» тақырыбында уағыз айтып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Ұжым қызметкерлері мешіт басшылығына ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

 


 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру