Павлодар ауданы Красноармейка ауылының «Мұрат Ишан» мешіті Рамазан айының және Балаларды қорғау күні құрметіне балаларға арналған мереке өткізді. Аталмыш іс-шараны мешіт имамы Медет Қажуев орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ұстазы Жұлдыз Қажуевамен және діни сауаттылық курстарының шәкірттерімен бірлесіп ұйымдастырды.
Мереке барысында мешіт ауласында қөңілді ойындар өткізіліп, балаларға сыйлықтар, жеміс пен тәтті тағамдар таратылды.
Медет Қажуевтың айтуынша, мерекеге қатысқан балалардың көбі көпбалалы, жағдайы төмен отбасылардан, сондықтан қамқорлыққа аса қажет. Сонымен қатар қасиетті Рамазан айында ораза ұстаған колледждің 25 студентіне жеміс пен тәтті тағамдар пакеттері таратылды.
Медет Қажуев балаларды мерекесімен құттықтап, оларға мықты денсаулық және оқуларында жетістіктер тіледі. Ол қасиетті Рамазан айының артықшылықтарын айтып, осы айда Алланың разылығы үшін ұстаған ораза, жасалған игі істердің сауабы мол екенін айтты. «Ораза ұстағандарды тамақтандырған жандар, ораза ұстағанмен бірдей сауап алады. Осы мерекені ұйымдастыруға атсалысқан барлық демеушілерімізге алғысымды білдіремін», - деді имам.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешіті
www.muftyat.kz
06.06.2017
3456
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру