Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешітте зиялы қауымға ауызашар берілді (ФОТО)

ҚМДБ Талдықорған өңірі www.muftyat.kz 05.06.2017 3822 0 пікір
Мешітте зиялы қауымға ауызашар берілді (ФОТО)

Талдықорған орталық "Иман" мешітінде "Халқын сүйген, салтын сүйер" атты зиялы қауымға ауызашар берілді. Елге танымал Бауыржан Момышұлы бабамыздың келіні Ахметова Зейнеп апайымыз, педогогика, психология ғылымының докторы, академик Күлаш Оразбекова апайымыз және Тақиялы періште фильмінде басты рөлді сомдаған Әлімғазы Райымбеков сынды ата-апаларымыз қонақта болды.

Ата салтымызды санаға сіңірген дәстүр бойынша, баланы бесікке бөлеу, азан шақырып ат қою сынды жоралғылар жасалды. Мешітте өткен ауызашарда жылы лебіздер айтылып, мешіт имамының насихаты тыңдалды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру