Кеше Бас Мүфтидің бұйрығымен Ақтөбенің 4 мешітіне Бас имам тағайындалды. Ойыл, Қобда, Әйтеке би аудандық мешіттері және Ембі қаласындағы «Нұр» мешітіне тағайындалған Бас имамдардың жұма күні бұйрықтары таныстырылды.
Ойыл аудандық орталық мешітінің Бас имамы қызметіне Серікұлы Нұрсұлтантағайындалды. Өкіл имам Төлеби Оспан жаңа имамды жамағатқа таныстырып, оның алдағы қызметіне сәттілік тіледі.
Өзге үш аудандағы имамдарды тағайындау рәсіміне «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Күзенбаев пен іс басқарушысы Бақыткерей Балкенов, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Амантай Садиев және «Мұғалжар» аудандық «Нұр» мешітінің Бас имамы Ерболат Жүсіпов арнайы қатысып, имамдардың бұйрықтарын таныстырды. Бұйрыққа сәйкес, Ембі қаласындағы «Нұр» мешітіне Сағындықов Райымбек, Қобда аудандық «Шәріп молда» мешітіне Кабиев Айбек, Әйтекеби аудандық мешітіне Шекпенов Бауыржан Бас имам және Сұңғат Саметов наиб имам болып тағайындалды. Жаңа қызметке бекітілген жас мамандардың алғашқы төртеуі «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетінің биылғы түлектері. Ал жаңа наиб имам Сұңғат Қанатұлы 2013-2016 жылдар аралығында «Астана медресесі» колледжінде білім алған.
Сапар барысында облыстан барған өкілдер мешіттердің тыныс-тіршілігімен, аудан жамағаттарымен жақынырақ танысып, тұрғындармен сұхбаттасты.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешіті
www.muftyat.kz
05.06.2017
3967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру