Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)

«Ақмешіт-Сырдария» мешіті www.muftyat.kz 05.06.2017 3710 0 пікір
Қызылорда: Балаларға қуаныш сыйлады (ФОТО)

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұжымы халықаралық балалар күніне орай, балаларға арналған мерекелік шара ұйымдастырды.

Шара аясында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің алдында арнайы балалар алаңы құрылды. Мерекелік шараға қатысқан бүлдіршіндер үшін тегін балмұздақ, тәттілер таратылып, ойын атракциондары тегін жұмыс жасады.

Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін жеткізді.

Сондай-ақ, шараға балалар үйіндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 100 бүлдіршін қатысты. Қатысушы балалар үшін Н.Бекежанов атындағы драма театрының қуыршақ театры арнайы шақырылып, бүлдіршіндер ертегі тамашалады.

Дәл осы күні балалар үшін табиғат та тосын сый жасады десек болады. Қаланың тек осы мерекелік шара өткен мешіт аймағында ғана күн бұлтты болып, жаңбыр сіркіреп, балаларды күннің ыстығынан қалқалады.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру