Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті жаңа бір доцентпен толықты

Айша КЕҢЕСБАЙ www.muftyat.kz 03.06.2017 4018 0 пікір
Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті жаңа бір доцентпен толықты

Теология ғылымдарының докторы, дінтану және исламтану саласында көптеген кітаптардың авторы Қалмахан Ержан мырзаға доцент ғылыми атағы берілді.  

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өткен мамыр айындағы «Ғылыми атақтар беру туралы» № 678 бұйрығымен «Философия мамандығы бойынша Қалмахан Ержан Сейтұлына қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілсін»-деген жаңа ақпарат министрліктің ресми сайт парақшасында жарияланды.

Осылайша Нұр-Мүбарак ЕИМ университеті жаңа бір доцентпен толықты. Қалмахан Ержан университетте ұстаздық етумен қатар жақында ғана мемлекеттік аттестациядан өте жоғары көрсеткішпен өткен «Дінтану» кафедрасын басқарып келеді.

Ғылым докторы, доцент Қалмахан Сейтұлын жаңа ғылыми дәрежесімен құттықтап, әрдайым ғылым жолындағы сара жолыңыз биік белестерді бағындыра бергей демекпіз. Алла Тағала деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмысыңызды жемісті еткей!

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру