Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ұлттық спорттық ойындардан жарыс өтті (ФОТО)

ҚМДБ Қостанай облысы www.muftyat.kz 03.06.2017 3990 0 пікір
Ұлттық спорттық ойындардан жарыс өтті (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірнеше жылды «Дін мен дәстүр жылы» деп жариялауына байланысты Денисов ауданы «Жұма» мешітінде Қасиетті Рамазан айының құрметіне қазақ ұлттық спорттық ойындарынан жарыс өтті.

01

Онда «Түйемойнақ Түйе палуаны» атағына қазақша күрес, «Түйемойнақ желаяғына» қаппен жүгіру, «Түйемойнақ Толағайына» қой көтеру сайыстары көпшілікке ұсынылды.

01

Осы шараға Қаспаевтар және Омаровтар шаруа қожалықтары және басқалар демеуші болды. Палуандар күресіне былтырғы облыстық мешіттер арасында өткізілген Қазақша күрестің жеңімпазы, Әулиекөл ауданынан келген Ерлан Қасымов төрешілік жасады.

01

Жарысқа арнайы марапат қағаздары, «Түйемойнақ палуаны», «Түйемойнақ Толағайы», «Түйемойнақ жүйрігі» деген жазуы бар заттар дайындалып, сыйға тартылды.

01

Балалар арасындағы палуандар күресінде жеңімпаздарға ақшалай жүлделер тапсырылды. Жарыстың мақсаты - салауатты өмір салтын қалыптастыру.

01

Сайыстың қорытындысы бойынша «Түйемойнақ Толағайы» - Болатбек Сақтағанов пен «Түйемойнақ Түйе палуаны» - Оразалы Тұрмағамбетке қой берілсе, «Түйемойнақ желаяғы» атанған - Дияс Қасымовқа ақшалай сыйлық табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру