Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Халифа Алтай» мешіті» гүлдермен көмкерілді (ФОТО)

«Халифа Алтай» мешіті www.muftyat.kz 03.06.2017 3846 0 пікір
«Халифа Алтай» мешіті» гүлдермен көмкерілді (ФОТО)

Қасиетті Рамазан айының келуімен жаз айы басталды. «Гүл өссе-жердің көркі» дегендей, жазда Ұлы Жаратушы Алла Тағаланың кереметімен алуан гүлдермен көмкерілген жер беті де ерекше бір түрленген сұлулыққа енеді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің алдына гүлдер егілді. Жұпары аңқыған, үлбіреген түрлі гүлдер мешіттің әсем ғимаратына айырықша көрік беріп тұр.

«Мешітіміздің ауласының, алдының көрікті болуын үнемі назарда ұстаймыз. Жергілікті әкімдіктің қолдауымен мешіттің алдына түрлі гүлдер отырғызылып жатыр. Жаз бойы мешіт ауласы сәнді болып, келушілерге тамаша әсер береді. Қасиетті Рамазан айының басталуымен мешіт ауласын көріктендіріп жатырмыз» дейді, мешіт қызметкері.

Облыстық мешіттің ауласын көріктендіру ісімен әкімдікке қарасты абаттандыру мекемесі айналысуда.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру