Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешіті мен «Руханият» мұражайы бірлесе отырып, балаларды қорғау күнінде балғындарға арналған танымдық шара өткізді. Төл мерекелерінде оларға ерекше көңіл-күй сыйлап, жүздеріне күлкі, қуаныш ұялатпақ болды.
ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева және мұражайдың қызметкері Айзагүл Жамбулова мектеп жасындағы кішкентай балғындардың басын қосып, олармен бірге қызықты мультфильмдер тамашалап, баланың ой өрісін дамытатын танымдық ойындар өткізді. Балғындар сан бөлікке бөлінген пазлдарды қызыға құрастырып, ой ұшқырлықтарын көрсетті. Апайларының әр түрлі сұрақтарына таласа қол көтере жауап беріп, белсенділік танытты.
Риясыз күліп, қуанышқа бөленген балалармен бір сәт бала болған шараны ұйымдастырушылар – Диляром мен Айзагүл апайлары балғындарға сыйлықтар үлестіріп, шара соңында ойыншықтар берді. Естелікке бәрі бірге фотосуретке түсіп, қызықты уақыт өткізді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешіті
www.muftyat.kz
03.06.2017
3802
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру