Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көкшетауда Құрандар көрмесі ашылды (ФОТО)

Бақыт Смағұл www.muftyat.kz 02.06.2017 4007 0 пікір
Көкшетауда Құрандар көрмесі ашылды (ФОТО)

 

Көкшетау қаласындағы Науан хазірет мешітінде Рамазан айы бойы Құрандар көрмесі жұмыс істейді. Сөрелердегі ескі Құран және шариғат кітаптарының тарихы өз арнасын өткен ғасырдан алады. Мұнда кешегі кеңес заманындағы атейстік саясаттың қылышынан қан тамып тұрған кезінде жасырып сақталынған көне жәдігерлер де бар.

Мешітке келімді-кетімді адамдар осы көрмені көріп, өңірдегі дін тарихы жайлы да мол мағлұмат алады. Алдағы уақытта бұл көрмені көшпелі негізде жұмысын жалғастыру керек деген ой бар. Көрмені тамашалаған кей адамдар өздері де ата-бабаларынан сақталған ескі діни қолжазбаларды әкеліп жатыр.

Осылай мешітке адамдардың ең көп келетін Рамазан айында бұл да көпшіліктін көңілінен шыққан шараға айналды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру