1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығының тәрбиеленушілеріне құттықтау хат жолдап, бағалы сыйлықтар тарту етті.
Айтулы күнге орай аталмыш мекемеде «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында өткен шараға өкіл имам атынан қатысқан мешіт азаншысы, ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша Жалпы және жастар ісінің жетекшісі А.Урумбаев Ислам дінінің балаларға,әсіресе баланың тәлім-тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, білім алуды үндейтін асыл дін екенін айтты. Бүгінгі баланың ертеңгі ел үміті екенін жеткізген А.Урумбаев «бала жастан оқуға құмар болу, ақ қағаздай жан-дүниесін біліммен ағарту – түбі игілікке әкеп соғар өмірдегі ең хайырлы амал», - деді.
Шара соңында А.Урумбаев өкіл имамның бүлдіршіндерге арнаған сыйлықтарын таратып, бөбектерді бір қуантып тастады.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.islam-atyrau.kz
02.06.2017
3846
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру