1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасының Батыс Қазақстан өкілдігінің ұйытқы болуымен «Әйелдер-қыздар» секторы «Бала деген - бір бақыт» атты қайырымдылық концертін өткізді.
Айтулы шараға Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтанов, Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Гулжамила Ахметова, мешіт имамдары, мекеме басшылары, еріктілер тобы, жеке кәсіпкерлер, ата-аналар мен балғын балалар қатысты.

Алдымен облыс имамы сөз алып, айтулы мерекемен құттықтады. «Өскелең ұрпақ» жайында тағылымды уағыз айтып, мерекеге арнайы келген қонақтарға ақ тілегін арнады.

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан қайырымдылық ретінде денсаулықтарында кінәраты бар 45 балғынға тәтті тағамдар мен сыйлықтар таратты.
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған шарада сөз алған мекеме директоры Н.Мусина ханым демеушілік жасап, осынау игі шараға атсалысқан барша азаматтарға ризашылығын білдірді.

Шара соңында күмбірлеген күй, әсем әндер шырқалып, балғын балалар ортаға шығып би билеп, қуаныштарында шек болмады.
Кімде-кім жақсылық жасауға ниеттеніп бірақ жасамаса, Хақ Тағала оны толық жасалған бір жақсылық есебінде жазады. Егер де жақсылық жасауды ұйғарып, әрі оны жүзеге асырса, Алла Тағала сол бір ғана жақсылығы үшін он сауаптан бастап жеті жүз есеге дейін еселеп сауап жазады.
Алла Тағала: «Ей, Адам баласы! Дүние мүлкіңді игі жолда жұмсағын. Сонда саған да молынан берілетін болады» — дейді.

Игі іске демеу болған жомарт азаматтарға Алла Тағала разы болсын. Рамазаннан-рамазанға жеткізіп, сауаптарды еселеуді нәсіп етсін!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Нұрлан САМАТҰЛЫ
02.06.2017
3867
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру