1-маусым балаларды қорғау күніне орай Республикалық "Әзірет Сұлтан" мешіті мен Астана қаласы әкімдігінің "Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" бірлесе отырып мүгедек балаларға тосын сый жасады. Балаларға арналып арнайы дастарқан жайып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Елімізге танымал әнші Құрмаш Маханов балаларды мерекелерімен құттықтап, әннен шашу шашты. "Әзірет Сұлтан" мешітінің наиб имамы Дінмұхаммед Сманов жиналған жұртқа діни уағыз айтты. Мүгедектіктің адам баласына берілген сынақ екенін, Ақыретте осы сынаққа сабыр еткені үшін мол сауаптарға кенелетінін жеткізіп, балалардың өзімен қоса ата-аналарының да көңілін бір жұбатып тастады.
Онда жиналған балалар өнерде кенде емес екен. Бірі өлең оқыса, енді бірі ән айтып, би билегендер де болды. Балалардың ата-аналары ұйымдастырушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлағаны үшін алғыстарын жаудырып жатты.
Суреттерді www.muslim.kz сайтынан көре аласыздар!





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
www.muslim.kz
01.06.2017
4032
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру