Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит бастаған Көкшетау қалалық мешіттерінің бас имамдары «Достық» үйінде орналасқан «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінде болды. Аталған қоғамның басшысы Мейрамбек Қиықов дін өкілдерін құшақ жая қарсы алып, өзінің басшылығымен атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде хабардар етті.
Бұл ұйым асыл тіліміздің өркен жаюы үшін көп жұмыстар атқаруда. Сонымен бірге, ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда қолға алған бастамалары көп. Қазақтың асық ойынын да жаңа қырынан жандандырып, оның өркендеуіне сүбелі үлесін қосып келеді.
Мейрамбек Қиықов өздері шығаратын «Көкше дидары» газетімен де таныстырды. Үгіт-насихатты осы басылым арқылы жүзеге асырып жатқанын атап көрсетті.
Екі жақ еркін пікір алмасып, ортақ мүдде жолында бірлесіп қызмет істеуге тілектес екендіктерін білдірді. Облыстың бас имамы өз кезегінде діни құндылықтарды насихаттауда көп жұмыстар бар екенін айта келіп, оны жүзеге асыруға барынша көңіл бөлетінін баса айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Бақыт Смағұл
www.nasihat.kz
01.06.2017
5085
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру