Рамазан айында Ақтөбенің 9 мешітінде, соның ішінде, 5 қала, 4 аудан мешіттерінде Құран хатым түсірілуде.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде күнделікті сағат 11.00-де әйелдер намазханасында, бесін намазынан кейін ерлер намазханасында, содай-ақ, қалалық орталық мешітте екінті намазынан кейін Құран хатым өтуде. Күн сайын Құранның бір параға жуығы оқылып, оған қатысқан жамағат Құранның жүзіне көз жүгіртіп, қариларға ілесіп отырады. Хатымды Түркия елінен келген қари азаматтар жүргізуде.
Бұдан бөлек Ақтөбе қаласындағы «Қабақ Баба» және «Досжан Хазірет» мешіттерінде, ал аудан мешіттері арасында Мұғалжар, Темір, Қобда және Хромтау аудандарында да тарауық кезінде Құран хатым етілуде.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешіті
www.muftyat.kz
31.05.2017
3522
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру