Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Қажылар ауызашар дастархан жайды (ФОТО)

«Мәшһүр Жүсіп» мешіті www.mazhab.kz 31.05.2017 5372 0 пікір
Павлодар: Қажылар ауызашар дастархан жайды (ФОТО)
Павлодар  облысының барлық мешіттерінде  қасиетті Рамазан айы кіргелі  жергілікті кәсіпкер азаматтарың қолдауымен ауызашарлар  беріле бастады. Ал қалалық мешіттер ауласында ауызашар асын беруге қолайлы палаткалар, киіз үйлер құрылып жамағаттың қолдауымен қажетті ыдыс-аяқтармен қамтамасыз етіліп, дастархандар жайылуда. Әлбетте, бұл харакеттердің барлығы да мақатн үшін емес Алла разылығы үшін екендігі баршамызға түсінікті.

Рамазан айының төртінші күні облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің үлкен асханасында қалалық қажылар қауымдастығының ұйымдастыруымен 350 адамға ауызашар дастарханы жайылды. Ауызашарға  қала әкімі және әкімдіктің лауазымды азаматтары, қажылар, қаладағы қадірлі, танымал аталар мен апалар, белсенді жастар мен студенттер, жамағаттар өкілі арнайы шақырылып қатыстырылды.

Ауызашар мерекелік дастарханы үстінде мешіттердің материал –техникалық базасын нығайту, күрделі жөндеулер өткізу, жарықтандыру, көріктендіру, сонымен қатар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жасаған қайырымдылық шаралары үшін Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлына және қадірлі ақсақал Тұяқ қажы Иманқұлға, қалалық Естай атындағы мәдениет үйінің директоры Асылбек Сапарбекұлына облысымыздың бас имамы Нариман Ермекұлымен қалалық қажылар қауымдастығының төрайымы Рымтай Сапарбекқызы арнайы алғыс хатпен қоса  естелік бұйымдар табыс етті.

Берекелі дастархан барысында имамдар ата-бабалар рухына Құран бағыштап, аталар ел-жерімізге тыныштық, халқымызға береке тілеп бата қайырды.

Әрине, Алла қаласа оразаның тағылымы  ай бойы осылай жалғаса беретін болады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру