Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жылыой аудандық мұсылмандар мешітінде заманауи үлгідегі асхана ашылды. Жамағаттар ауызашар кезінде ағаш үйде, кейде мешіт залында ашатын еді. Осыны көзімен көріп жүрген әрбір жан ауыз ашатын арнайы орын болғанын қалайтын. Көптің көкейінде жүрген арманы кәсіпкерлер жамағатымыздың қолдауымен Рамазан айы жүзеге асты. Жылыой халқының бұл қуанышына ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкіл имамы, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан қажы Берденұлы қатысып, Бас мүфти хазреттің құттықтауын жеткізді.
Шам намазына келген жамағат алдымен мешітте шам намазын оқып, артынша Жылыой аудан әкімі М. Ізбасов пен жаңа асхана ғимаратының тұсауын кесіп, жиналған көпшілікті ішке қарай бастады.
Жиылған жамағатқа дастархан жайылып, ауызашар берілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадисінде «Ораза тұтқан адамның аузын аштырған ораза ұстағанның сауабын алады, әрі бұл ораза ұстаушының сауабы кемітілмейді» деген. Демек, бұл айда Алла разылығы үшін мұсылман бауырларының ауызын аштырамын деушілерге асхананың есігі ашық.
Мешіт салудың сауапты амал екендігін айтқан өкіл имам Батыржан қажы Берденұлы мінәжат ордасының құрылыс жұмыстарына атсалысқан барша азаматтарға алғысын білдіріп, Алланың рахметін тіледі. Және игі іске ең әуелгі ұйытқы бола білген Сәлімжан қажының еңбегін ерекше атап өтті.
Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына бөленуге асығайық ағайын!
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Атырау өңірі
www.islam-atyrau.kz
31.05.2017
3446
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру