Оқу жылының аяқталуымен Ақтөбе облысындағы мешіттерге жас діни мамандар қызметке тартылуда. Өткен жұмада жамағатқа олардың бұйрықтары таныстырылды.
«Нұр Мүбәрак» Египет Ислам Мәдениет университеті мен еліміздегі медресе колледждерді тәмамдаған жалпы саны 15 түлектің барлығы қызметке бөлінді. Оның 2-уі Қобда, 2-уі Шалқар және 2 діни маман Әйтекеби ауданына, одан өзге 5 маман қаладағы «Қабақ баба» мешіті, Ойыл, Мұғалжар, Алға және Ырғыз аудандарына әр түрлі діни қызметке тағайындалды. Тағы 2 маман «Ақтөбе медресесі» колледжі мен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіне ұстаз ретінде бекітілсе, қалған 2 жас діни маман Ақтөбе қаласындағы «Ансар» ақпараттық талдау орталығы мен Қандыағаш қаласындағы Жастар арасындағы дін мәселесі және қоғаммен байланыс жөніндегі орталыққа теолог маманы ретінде тағайындалып, жаңа қызметтеріне кірісіп кетті.
Бұдан өзге діни оқу орындарын биыл тамамдаған түлектердің арасында Ақтөбе облысына діни қызметке орналасу үшін құжаттары рәсімделіп, бұйрыққа әзірленіп жатқандары да бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» мешіті
www.nurgasyr.kz
30.05.2017
3994
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру