Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Сауат ашу курсының жұмысы қорытындыланды (ФОТО)

www.mazhab.kz 29.05.2017 3419 0 пікір
Павлодар: Сауат ашу курсының жұмысы қорытындыланды (ФОТО)

 

Осы аптада Павлодар облысы орталық «Мәшһүр-Жүсіп» мешітінінің әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының жұмысы қортындылап,  2016-2017 оқу жылында  сауат ашу курсында жалғастырушы және бастауыш топта оқыған әйел шәкірттер емтихан тапсырды. Мұнда:

Қазақша топтың бірінші кезең бойынша-33, екінші кезең бойынша-18, үшінші кезең бойынша -12, орысша  топтан бірінші кезең бойынша -11,  үшінші  кезең бойынша-5, барлығы 79 шәкірт емтихан тапсырды.

Діни сауат ашу курсын аяқтаушы үшінші кезең шәкірттерінің емтиханын наиб имам Хасан Аманқұлов, мешіт ұстазы Қарлығаш Талқанбаева  қабылдады. Емтиханда шәкірттер Құраннан 22 сүрені  жатқа  айтып  Ақида, Ғибадат, Ахлақ сабақтары бойынша  арнайы дайындалған сұрақ билеттеріне жауап берді.  Шәкірттер арасынан Жұмалиева Айсұлу, Саматова Рухсор, Қаббасова Айжан апай Құран Кәрім сүрелерін өте  жақсы тапсырып арнайы сертификатқа ие болды.

Осылайша ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с) -нің  «Әрбір мұсылманға білім алу парыз» деген хадисін негізге алған шәкірттер артынан ізін басқан жастарға үлгі көрсетті.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру