Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атырау: Мешіт жанындағы жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады (ФОТО)

www.islam-atyrau.kz 29.05.2017 3542 0 пікір
Атырау: Мешіт жанындағы жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады (ФОТО)

 

Бүгін, 29 мамыр «Иманғали» орталық мешітінде мектеп балаларына арналған жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады.

Курстың ашылу салтанатына қатысқан ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы балалардың алғаш дін жолына басқан қадамдарына  сәттілік тілеп, жазғы каникул уақытын тиімді пайдалануда сауат ашу курсының маңызы зор екенін айтты.

- «Жасыңда білім алсаң, өскенде қайырын көрерсің». Бұл – дана халық мұрасынан жеткен ұлағатты сөз. Ол ата дініміз – Ислам шариғатынан бастауын алады. Құранның алғашқы аяттары «Оқы!» деп басталады. Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйренгендерің, оны өзгеге үйреткендерің», – деп білімнің құнды дүние екенін атап көрсетті. Олай болса, білім алуда ерінбей, жалықпай, көп оқыңыздар»,  – деді өкіл имам сауат ашу курс шәкірттеріне.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, 7-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына (ұл, қыздар тобы) арналған жазғы сауат ашу курсында мешіт ұстаздары сабақ береді. Екі мезгіл (түске дейін, түстен кейін) жұмыс жасайтын курстың ұлдар тобына 37, қыздар тобына 30-ға жуық бала қабылданды. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру