Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Оңтүстік мешіттерінде тарауих намазы оқылуда (ФОТО)

29.05.2017 3538 0 пікір
Оңтүстік мешіттерінде тарауих намазы оқылуда (ФОТО)

Исі мұсылман әлемінің асыға күткен қасиетті Рамазан айына жетіп, ораза тұтуға,  ізгі амалдар жасауға ниет етушілердің қатарында болғанымызға Аллаға шүкір.

Облыс аумағындағы ҚМДБ-на филиал 808 мешітте бір мезетте құптан намазынан кейін тарауих намазы оқыла бастады.

Облыстық бас мешітінде ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек құптан намазы кезінде барша жамағатты ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің Рамазан айына байланысты құттықтау сөзімен бастап, ораза тұту, ауыз-ашар, сәресін ішу,  тарауих намазының 20 ракат етіп оқу, т.б. қасиеттеріне тоқталып өтті.

Сондай-ақ, биылғы жылы облыстық орталық мешітте тарауих намазы кезінде Құран хатым етуші Абдулазиз Бекайдарұлын көпшілікке таныстырды.

Айта кету керек, облыс аумағында бүгінгі таңда, 95 мешітте хатым құран оқыла бастады. Алла Тағала тұтқан оразаларымызды қабыл етсін!

 Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру